Гасевский Сергей Семенович

Гасевский Сергей Семенович


gasevski  1931 жылы 12 маусымда Сумск облысы Белополянск ауданы Глушец селосында өмірге келген. 1954 жылы Кеңес Армиясы қатарынан оралғаннан кейін комсомолдық жолдамамен тыңға жіберілді. Орналастыру кезінде Денисов ауданы Глебовка селосына түсті.
Алғашқы күннен зейнеткерлікке шыққанға дейін «Тобольский» тұқымдық кеңшарының мал шаруашылығы фермасында еңбек етті. Оның тұқымдық мал шаруашылығын дамытудағы үлесі орасан зор. Өзіне бекітілген аналық бастан білгір мал өсіруші санақ бойынша жүз аналыққа 100 және одан да көп бұзаудан алды, ал жас төлдердің бір тәуліктік орташа салмағы 1000-1200 граммға дейін барды.
С.С. Гасевскийдің еңбегі жоғары бағаланған: 1956 жылы ол «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен, 1971 жылы – Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1973 жылы – Октябрь революциясы орденімен, 1981 жылы – Ленин орденімен, 1987 жылы – «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
1990 жылы оған Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен бірге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Сергей Семенович бірнеше дүркін КСРО ХШЖК –не қатысып, халық шаруашылығын дамытудағы қол жеткізген табыстары үшін медальдармен марапатталды.
1980 жылы С.С.Гасевский мал өсірушілер тобымен Юрий Гагарин атындағы жұлдызды вымпелге ие болған жұлдызды қалашыққа шақыру алды.
С.С.Гасевский 1992 жылдың 18 желтоқсанында қайғылы жағдаймен қайтыс болды. Глебовка с. жерленген.

Счётчик посещении

1310965
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
91
1239
9079
1289712
47778
49078
1310965
Ваш IP: 3.239.33.139
Время сервера: 2021-02-26 01:06:53
Счетчик joomla