ӘНҰРАН

Менің Қазақстаным (Мой Казахстан) — 2006 жылғы қаңтардан бері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны .

Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар тұрып және сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек.

Әні композитор Шәмші Қалдаяқовтың, сөзі Жұмекен Нәжімеденовтың (1956), Нұрсұлтан Назарбаевтың (2005).

Әнұран

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
1937
2265
9464
1971056
29353
91210
1994255
Ваш IP: 54.161.98.96
Время сервера: 2022-01-20 16:26:57
Счетчик joomla