Антикоррупционный стандарт
Қостанай облысы
әкімдігі мәдениет басқармасының
«Денисов тарихи – өлкетану
мұражайы» КММ
2018 жылғы «6» сәуірдегі
№ 9- П бұйрығына қосымша
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет
басқармасының «Денисов тарихи-өлкетану мұражайы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
(мәдениет саласында)
1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: мәдениет саласында.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Денисов тарихи – өлкетану мұражайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Мұражайдың барлық қызметкерлерімен орындау үшін міндетті.
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қолданылуы мен орындалуына Мұражайдың барлық қызметшілері дербес жауаптылықта болады.
4. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында (мәдениет саласында) жұмыс істейтін тұлғалар тәртібінің (іс-әрекетінің) қағидалары:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
мүдделер қақтығысының пайда болуының әр мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
өз лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу мүмкіндіктерін пайдаланбау;
жоғары кәсіптік жұмыс үшін бар жігерін салуға, қойылған тапсырмаларды шешудің оптималды, үнемді және өзге де құзыретті тәсілдерін қолдану;
қызметтік міндеттерді нәтижелі орындау үшін ұдайы өз кәсіптік деңгейін және біліктілігін жетілдіру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуына тыйым салынады;
лауазымдық өкілеттіктерін іске асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;
жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдаланбауға;
мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдаланбауға;
лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
• Өз құзыреті аясында басқару және өзге де шешімдерді әзірлеу және қабылдауда:
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
жасырынды сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету;
кәсіби (қызметтік) әдепті сақтау;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бейімдейтін жағдайлар жөнінде шұғыл жазбаша түрде Мұражай басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды хабарландыру;
лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
үшінші тұлғалардың мүдделерін ұсыну мен қорғаудан, яғни олардың атынан әрекет жасаудан тартыну;
басқа мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды іске асырмау;
әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ете алатын қарым-қатынастардың бекітілген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер мен әріптестерге және басшылыққа жүгінуден тартыну;
мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу;
басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін тоқтату;
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеу;
өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;
қызметтік ақпаратты және басқа да мемлекеттік мүлікті қызметтік әрекетіне материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыздандыруды қызметтік емес мақсаттарға пайдалануға жол бермеу;
мемлекеттік қызметкердің құзыретіне кіретін шешім шығару кезінде ешқандай материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;
еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану, қызметтік міндеттерін алалықысыз және нарықы атқару, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
• нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңының нормаларын қатаң ұстану;
азаматттардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттемелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ұсынымдарды ұсыну үшін қоғамдық кеңестерге жолдау;
мүдделі мемлекеттік органдарға келісімге жібергенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілерді жария талқылау үшін интернет порталда орналастыру;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларында сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларының болуына жол бермеу;
• тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;
өзінің лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес функцияларды іске асыру;
қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
бағынысты қызметкерлер мен басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу деректерін болдырмау және жол бермеу;
мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы құқық қорғаушы органдарға (немесе) басшылыққа тез арада хабарлау.
5. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы заңының өзге талаптарын сақтау;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
лауазымдық құзыреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолданбау.