Последние добавленные материалы

22 июня 2021

     2021 жылғы 22 маусымда мұражай қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан денисовтарға арналған ескерткіштің жанында біздің ауыл жастарына тақырыптық экскурсия өткізді. Іс-шара XX ғасырдағы ең қанды соғыстың басталғанына 80 жыл толуына арналды.
   Жас ұрпаққа соғыс жылдарының асқан ауыртпалығы, миллиондаған қаза тапқандар, Қазақстандықтардың фашизмге қарсы күреске ерлікпен қатысқаны туралы айтылды. Осы Ұлы Жеңіс болмаса, біз биыл егемендігіміздің 30 жылдығын атап өтіп жатқан біздің еліміз, тәуелсіз Қазақстанымыз болмас еді.
   Мұражай іс-шарасына Глебовка орта мектебінің оқушылары және Денисов ауданының Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.
   Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
    Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

22062021 2

   

30jil  Жазғы демалыс-бұл оқушылардың белсенді демалу уақыты ғана емес, сонымен қатар жаңа және танымдық нәрсе үйренуге мүмкіндік.
   Біздің музейдің балаларға арнап өткізетін экскурсиялары алуан түрлі: шолу, тақырыптық, жаяу және автобустық.
2021 жылғы 22 маусымда Денисов тарихи-өлкетану мұражайына Глебов орта мектебінің оқушылары келді, олар үшін Денисовка ауылы бойынша тарихи-сәулет нысандарын, ескерткіштерді және мұражай залдары бойынша шолу экскурсиясын бару арқылы автобус экскурсиясы өткізілді.
   Сол күні Денисов тарихи-өлкетану мұражайына №1 және № 2 Қамысты орта мектебінің оқушылары келді. Олар үшін     Денисов ауданының тарихын білуге көмектескен мұражай экспозициялары бойынша шолу экскурсиясы өткізілді.
   Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған. 
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

2206202122062021 1

Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
243
1661
7091
1984791
48385
91210
2013287
Ваш IP: 3.87.250.158
Время сервера: 2022-01-27 04:36:52
Счетчик joomla