Последние добавленные материалы

04 октября 2021

30jilorel   2021 жылдың 30 қыркүйегінде аудандық мәдениет үйінде Денисов ауданының тұрғындары үшін «Біздің тағдыр өзені – Тобыл» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті. Сондай-ақ, премьералық күні фильмді аудандық кітапхана қызметкерлері мұражайдың көрме залында тамашалады.
   Материалдар мұражай сайтында, «Бейнегалерея» бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
                        Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

 

 

04102021 1

 

  30jil

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 4 қазанда Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл. Жаңа тарих беттері» ақпараттық постерлер топтамасынан жарияланымдарды жалғастырады.
   Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығына сәйкес көпұлтты елдегі азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қолдау мақсатында Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды.
   Бұл идеяның негізінде қазақстандық патриотизм, этностық мәдениеттердің жандануы, жалпыадамзаттық құндылықтар контексінде өзіндік сана-сезім жатыр. Мұның бәрі Ассамблеяның ұлттық-мәдени орталықтары қызметінің негізін құрайды.
   Қазақстан халқы Ассамблеясы-Қазақстанның бірегей саяси жаңашылдығының нәтижесі. Бүгінде оның жұмыс тәжірибесі әлемнің  көптеген елдері үшін тартымды әрі пайдалы болып отыр.
   Ақпарат мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   http://www.museum.denisovka.kz
   https://www.instagram.com/museum_denisovka

 

 

04102021

Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
2360
2265
9887
1971056
29776
91210
1994678
Ваш IP: 54.161.98.96
Время сервера: 2022-01-20 18:07:33
Счетчик joomla