Последние добавленные материалы

15 октября 2021

30jil    Әлемдегі ең танымал тағамдардың бірі – нан. Сондықтан оның өз мерекесі – жыл сайын 16 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік нан күні бар екендігі таңқаларлық емес. Бірақ нан үстелге түспес бұрын, ол астық өсіруден, егін жинаудан бастап, ұн мен өнімнің өзіне дейін үлкен жол жүреді.
Тыңды көтерудің арқасында Денисов ауданы нан аймағына айналды. Тың эпосының кейіпкерлерінің бірі Андрей Никонович Савчук болды.
   Ол 1931 жылы 7 қазанда Хмельницкий облысы Берездовск ауданы Семаки ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Қостанай облысы Орджоникидзе ауданы «Баталинский» совхозының трактор-егіс бригадасының бригадирі, Социалистік Еңбек Ері.
   Красноармейка МТС - інде, «Красная Заря» совхозында, кейін Орджоникидзе ауданының «Баталинский» совхозында тракторшы болып жұмыс істеді. Трактор-егіс бригадасын басқарды.
   1970 жылы Андрей Савчук бригадасы әр гектардан орта есеппен 19,5 центнерден астық жинады. Астық өндірісін ұлғайтуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Савчук Андрей Никоновичке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1971 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығымен Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырыла отырып, Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. А. Н. Савчук бірнеше рет жергілікті Кеңестердің депутаты болып сайланды. 1980-1990 жылдары туған совхозда, кейін «Баталинское» ЖШС-де еңбек етті. Андрей Никонович өзінің еңбегі үшін халықтар достығы орденімен (1980), көптеген медальдармен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» (1967), грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған.
   2009 жылы 31 шілдеде қайтыс болып, Архангельское селосында жерленді.
   Ақпарат мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

15102021 kaz

Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
2238
2265
9765
1971056
29654
91210
1994556
Ваш IP: 54.161.98.96
Время сервера: 2022-01-20 17:19:33
Счетчик joomla