08 апреля 2019
"Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айының басында Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп мектеп мұражайларының экспозицияларын ұйымдастыру бойынша практикум өткізілді, оған мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих мұғалімдері мен технология мұғалімдері қатысты.
Мұражайдың тақырыптық-экспозициялық жоспары бойынша, мұражай заттарын жинау, сақтау және есепке алу, экспонаттау ережелері, мұражай көрмесін құру және мектеп мұражайларында білім беру жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді.