22 октября 2020
2020 жылғы 20 қазанда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Денисов тарихи-өлкетану мұражайы» КММ «Аудандық (қалалық) маңызы бар үздік мемлекеттік мұражай» номинациясында «Рухани Қазына – 2020» мәдениет ұйымдарының облыстық конкурсында жеңімпаз болды.
Қостанай қаласының Жастар Сарайында өткен дипломдарды, ақшалай сыйлықтарды және естелік кәдесыйларды тапсырудың салтанатты рәсімін Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов жүргізді