Последние добавленные материалы

19 февраля 2021

  orel   Жерлестеріміздің 1929-1940 жылдары латын әліпбиі негізінде қазақ тілін қолдану тарихына арналған постерлер циклін бастаймыз. Бүгін біз Денисов тарихи-өлкетану мұражайының коллекциясынан іздестіру жұмыстары нәтижесінде жиналған алғашқы фотосуретті ұсынамыз.
   Материал жинау жөніндегі біздің өтінішімізге бірінші болып Денисовка ауылының тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері Светлана Сәрсенбайқызы Әзімжанова (Күлмұхамедова) жауап берді, ол өзінің отбасылық мұрағатынан 1930-1940 жылдардағы фотосуреттерді музей қорына тапсырды.
   Светлана Сәрсенбайқызының ағасы Күлмұхамбетов Айтан Әубәкірұлына тиесілі, өткен ғасырдың 30-шы жылдарының, соғысқа дейінгі кезеңнің фотосуретін ұсынамыз. Оның 1930 жылдардың аяғындағы белдік портреті сақталған. Светлана Сәрсенбайқызының айтуынша: "менің ағам Таран ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген (шамамен 1918-1922 жж.). Соғысқа дейін Орджоникидзе ауданының Глебовка орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді (1937 – 1941 жж.). Соғыс басталған кезде оны бірден Жетіқара аудандық әскери комитеті шақырған. Оның әскери бөлімі Комсомольск – на – Амуреде орналасты. Оның 1943 жылғы соңғы хаты екі жылдан кейін, 1945 жылдың сәуір айының басында келді. 9 мамырда Жеңіс жарияланды, бірақ Айтан ағай майданнан оралмады, содан кейін біз оның хабар-ошарсыз кеткенін білдік». Соғысқа дейінгі портреттің артқы жағында латын тіліндегі жазба, бірінші жол нашар оқылады, дегенмен біз бүкіл жазуды шеше алдық:
«Глеб орталау мектебінің физмат оқытушысы Күлмұхамбетов Айтан Аубакирович».
   Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

19022021

Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
349
1661
7197
1984791
48491
91210
2013393
Ваш IP: 3.87.250.158
Время сервера: 2022-01-27 05:23:02
Счетчик joomla