06 февраля 2021
Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Көп қырлы Қазақстан" бейнеэкскурс топтамасын жалғастырды. 2021 жылдың 6 ақпанында «Денисов ауданы Тәуелсіздік алған жылдары» бейнеэкскурсы жарияланды. Мұражай қызметкерлері өткен 30 жылдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.
Материалдар мұражай сайтында, «Бейнегалерея» бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
29 января 2021
Қостанай облысы Денисов ауданының білім беруді дамытуға баға жетпес үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагері Темірбек Баймұхамбетұлы Срымовты еске алуына. Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері «Т. Б. Срымовты еске алу» фотохроникасын жариялады.
Темірбек Баймұхамбетұлы «Аға мұғалім» атағына ие болды. 3 дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 2010 жылдан бастап Денисов ауданының Ардагерлер кеңесін басқарды. Денисов тарихи-өлкетану мұражайының ұжымы Т.Б. Срымовтың отбасына шын жүректен көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі жадымызда қалады...
Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
28 января 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихын зерделеу мақсатында 2021 жылғы 27 қаңтарда Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері «Рухани жаңғыру-ұлт болашағы» Қазақстан Отаншылдық сағатын дайындады.
Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
«Көп қырлы Қазақстан»
2021 жыл-еліміздің тарихындағы мерейтой. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толады.
Осы атаулы күнге Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Көп қырлы Қазақстан» бейнеэкскурс топтамасын дайындады.
22 қаңтарда әлеуметтік желілерде жарияланған «Туған Қазақстан» бейнеэкскурсы Тәуелсіз Қазақстан тарихының кезеңдері, экономиканың дамуы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың рөлі, әсем Астанамыз, ұлттық саясат ұстанымдары, мәдениеттің дамуы туралы әңгімеледі.
24 қаңтарда «Көп қырлы Қазақстан» екінші бейнеэкскурсы жарияланды, ол Қостанай облысының Тәуелсіздік жылдарындағы даму тарихына арналды, онда біздің өңірдің барлық аспектілері: экономика, өнеркәсіп, мәдени игілігі, бірегей табиғаты, туризмді дамыту әлеуеті туралы білуге болады.
Денисов ауданының өткен 30 жылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның болашағы туралы баяндайтын осы топтамадағы кезекті бейнеэкскурсия біздің келушілерге 2021 жылдың 6 ақпанында ұсынылады.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
25 января 2021
Фото мұражай қорынан
Социалистік Еңбек Ері (1967) Зайцев Михаил Алексеевичтің мұражай қорындағы фотосуреттер.
Денисов тарихи-өлкетану мұражайында "Фото көздер" қорын түгендеу және оны цифрлау жалғасуда. Михаил Зайцевтің қызы Нина Бобрикович 2016 жылы өз отбасының құнды фотосуреттерін бізге тапсырды. 2021 жылдың 22 қаңтар күні мұражай қызметкерлері «Еңбек батырлары» топтамасынан «М.А. Зайцев» суреттерін жариялады.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/