Последние добавленные материалы

«Көп қырлы Қазақстан»

     250120212021 жыл-еліміздің тарихындағы мерейтой. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толады.
   Осы атаулы күнге Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Көп қырлы Қазақстан» бейнеэкскурс топтамасын дайындады.
   22 қаңтарда әлеуметтік желілерде жарияланған «Туған Қазақстан» бейнеэкскурсы Тәуелсіз Қазақстан тарихының кезеңдері, экономиканың дамуы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың рөлі, әсем Астанамыз, ұлттық саясат ұстанымдары, мәдениеттің дамуы туралы әңгімеледі.
   24 қаңтарда «Көп қырлы Қазақстан» екінші бейнеэкскурсы жарияланды, ол Қостанай облысының Тәуелсіздік жылдарындағы даму тарихына арналды, онда біздің өңірдің барлық аспектілері: экономика, өнеркәсіп, мәдени игілігі, бірегей табиғаты, туризмді дамыту әлеуеті туралы білуге болады.
   Денисов ауданының өткен 30 жылдығының әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның болашағы туралы баяндайтын осы топтамадағы кезекті бейнеэкскурсия біздің келушілерге 2021 жылдың 6 ақпанында ұсынылады.
   Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

 

25012021 125012021 2

 

25 января 2021

Фото мұражай қорынан


   Социалистік Еңбек Ері (1967) Зайцев Михаил Алексеевичтің мұражай қорындағы фотосуреттер.
Денисов тарихи-өлкетану мұражайында "Фото көздер" қорын түгендеу және оны цифрлау жалғасуда. Михаил Зайцевтің қызы Нина Бобрикович 2016 жылы өз отбасының құнды фотосуреттерін бізге тапсырды. 2021 жылдың 22 қаңтар күні мұражай қызметкерлері «Еңбек батырлары» топтамасынан «М.А. Зайцев» суреттерін жариялады.
   Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған. 

   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

 

zaisev

 

20 января 2021

  20012021 1 

     2021 жылы көрнекті ағартушы — педагог, ірі жазушы, талантты ақын Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толады.
   Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 2021 ж. 20.01. «Ы. Алтынсарин – қазақ халқының адал ұлы» постерін жариялады.
   Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

 

20012021

13 января 2021

    Күнтізбенің ескі және жаңа стилі. Неліктен біз жаңа жылды екі рет, жаңа стильде - 1 қаңтарда, ал ескі стильде - 14 қаңтарда тойлаймыз. Бұл нені білдіреді?
   13.01.2021 ж. Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері «Күнтізбенің ескі және жаңа стилі» бейнепрезентациясын дайындады.
   Материалдар мұражай сайтында, «Видеогалерея» бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

13012021

12 января 2021

 

   Керемет адам – Людмила Владимировна Мацупаға арналады…
Денисов ауданының тұрғындары Людмила Владимировнаны мақтан тұтады және оны жерлесі деп санайды, өйткені оның балалық және жастық шағы біздің ауданда, Крымское ауылында (Оржоникидзевский совхозы) өтті. Өзінің «Разноцветная правда, или Принадлежать истории» кітабында ол өмірінің осы кезеңі туралы өте жылы жазды, біздің өлкеміздің көптеген тұрғындарын олардың аттарын ризашылықпен атады…
   Людмила Владимировна бізді әрқашан өзінің энергиясымен, жарқын жүзімен, оптимизмімен, әділеттілік сезімімен қуантты. Онымен байланасу үлкен қуаныш болды, ол әрқашан кеңеспен, сөзбен, іспен көмектесті… Оның жарқын дәрістеріне қатысқандар Людмила Владимировнаның білімін, шешендік шеберлігін мен сенімділігін ешқашан ұмытпайды.
Людмила Владимировна өте жомарт адам болды, бізге адамшылық қарым-қатынастың, ұмытылмас кездесулердің үлкен қуанышын сыйлады, онымен сөйлесудің қысқа уақытында көптеген қызықты нәрселерді білуге болатын еді. Ол әрдайым ынталандыратын еді, мақтайтын еді, адамға сеніп және үмітті беретін еді…
   Ол Денисов тарихи-өлкетану мұражайына көптеген бірегей фотосуреттер мен құжаттарын, кітаптарын сыйға тартты. Өз кітаптарын шын жүректен, жылы қолтаңбамен сыйлады… Людмила Владимировна сақтаған және мұражай қорына тапсырған Орджоникидзе аудандық комсомол ұйымының Комсомол Туы, ол өмір сүрген, жұмыс істеген және адамдарға көмектескен өткен дәуірдің дәлелі ретінде сақталған....
   Людмила Владимировна, біздің заманымыздың керемет адамы, Сізге барлығы үшін рахмет... Біз сізді есімізде сақтаймыз және мақтан тұтамыз…

 

 

 

Masupa

Счётчик посещении

1322065
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
572
985
8225
1301886
5935
52943
1322065
Ваш IP: 3.237.97.64
Время сервера: 2021-03-06 14:54:48
Счетчик joomla