28 декабря 2020
Денисов тарихи-өлкетану мұражайы барлық пайдаланушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды.
Әлеуметтік желілерде «Мұражайдағы Жаңа жылдық көңіл-күй» атты фотокарусель жарияланды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
25 декабря 2020
25 желтоқсанда Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Шырша ойыншықтарының тарихы» атты шырша ойыншықтары туралы бейнеролик жариялады. Бейнероликте шыршадағы «Көкөніс коллекциясы», «Кенеттен ертегідегідей есік ашылды…», «…менің көңілді ойыншықтарым үйді айналдырып тастады …», «Мереке келе жатыр!» деп аталатын әр түрлі уақыттағы ойыншықтар жиынтығы ұсынылды.
Материалдар мұражай сайтында, «Бейнегалерея» бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
23 декабря 2020
23 желтоқсанда Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Абай даналығы» постерін жариялады. Ұлы Абай-қазақтың руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал оның даналық бүгінгі күнге дейін әрбір қазақтың жүрегінде сақталады.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
14 декабря 2020
14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Тәуелсіздіктің шындары» атты мерекелік онлайн іс-шарасын өткізді.
Мұражай қызметкерлері Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы айтып берді. Біздің келушілерді Денисов ауданы ардагерлер кеңесінің хатшысы А. С. Каримбаева, № 2 ДОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Б. Достанова, № 2 ДОМ тарих пәнінің мұғалімі, Тәуелсіздікпен құрдас Ә. Б. Пауль осы тамаша мерекемен құттықтады. Әсіресе, біздің жазылушыларымыз үшін АМҮ солисті Марал Мұхтаров пен музыкалық жетекшісі Жаннұр Тұрмағамбетованың орындауында «Бір үйдің баласындай» әні орындалды.
Материалдар мұражай сайтында, «Бейнегалерея» бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
10 декабря 2020 г.
2020 жылдың 10 желтоқсанында Денисов тарихи-өлкетану мұражайына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есимова келді.
Сапар барысында Б.А. Есимова мұражай экспозицияларымен танысты. Табиғат залының экспонаттары, сондай-ақ Покровка ауылдық округінен 2018 жылы табылған ежелгі түрік жауынгерінің тас мүсіні ерекше қызығушылық тудырды. Археологиялық экспозицияның жанында да қызықты әңгіме болды, онда біздің жалпыұлттық маңызы бар бірегей қасиетті объектіміз – Денисов ауданының Аршалы ауылдық округінде орналасқан қола дәуірінің нығайтылған «Қамысты» қонысын ғылыми зерттеу мәселесі көтерілді.