26 ноября 2020
Дзержинский атындағы Әскери-инженерлік академиясының ғылыми-зерттеу зертханасының бастығы Михаил Федорович Журавлевтің туғанына 100 жыл. Инженер-сынаушы, отставкадағы полковник, техника ғылымдарының кандидаты, Ленин сыйлығының лауреаты. Ол Денисов ауданының Камышное кентінде дүниеге келген. Алғашқы ғарыш кемелерін ұшыруға тікелей қатысушысы, Ю. А. Гагариннің ұшуға дайындыққа қатысушысы.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
25 ноября 2020
25 қарашада Денисов тарихи-өлкетану мұражайында Тұңғыш Президент күніне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев. Саясаткер мен адамның портреті»көрме ашылды, «Тұңғыш Президент – дәуір адамы» дәрісімен сүйемелденген.
Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/
24 ноября 2020
Денисов тарихи-өлкетану мұражайы "менің көп қырлы Қазақстаным" атты Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдарының онлайн – көрмесінде жеңімпаз атанды. Көрменің ұйымдастырушысы "Sanaly Urpaq - 2050" қоғамдық қоры болды. Мұражай қызметкерлері қазақ ұлттық десерті-женттің бейнерецептін жариялады.
20 ноября 2020
20 қараша күні Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Аманжолова Ә.Б. мен Баум Е.А. «Рухани Қазына» бағдарламасы аясында «Елімнің шежірелі байлығы» облыстық мұражайлардың онлайн-фестиваліне «Ақсу ауылынан шыққан ұсталар әулеті» бейне экскурсиясымен қатысты. Бұл бейне экскурсияда Денисов ауданының Ақсу ауылында тұрған ХІХ-ХХ ғасырларда металды өңдеумен, еңбек құралдарын, оқ дәрімен атылатын қаруын, ыдыс-аяқты, сондай-ақ музыкалық аспаптарды, әдемі зергерлік әшекейлерді қолдан жасаумен шұғылданған Жұминдер ұсталар әулеті туралы айтылады.
Фестиваль 2020 жылдың 20 қарашасында Instagram әлеуметтік желісінде @culture_tobyl парағында басталады, оның нәтижелері 2020 жылдың 27қарашасында жарияланады. Мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде бейнематериал 30 қарашада жарияланады.
Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл .
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) - қазақтың ұлы шығыстанушы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, аудармашы, журналист, саяхатшы.
Ол 1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Қысқа ғұмырында Шоқан Уәлиханов елеулі еңбектер жазды. Ол көп жасай алмады, сәл 29 жыл ішінде ол Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуне үлкен үлес қосты.
Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/