Қостанай облысының жалпыұлттық қасиетті нысандары



1. Торғай геоглифтері: (Үштоғай төрттағаны, Торғай трикветрі)
Амангелді ауданы, Үштоғай ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде, Амангелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде;
2. Қамысты қорғанысы, Денисов ауданы, Первомай ауылының жанында;
3. Екідің ғұрыптық ескерткіші, Арқалық қаласы, Екідің ауылының жанында;
4. Барақ Жанұзақұлы(Қарабалуанұлы) кесенесі,Сарыкөл ауданы, Крылов ауылынан 12 шақырым жерде;
5. Жәуке Назарғұлұлы кесенесі, Арқалық қаласы, Екідің ауылының жанында;
6. Ыбырай Алтынсарин кесенесі,Қостанай ауданы, Мичурин ауылынан 0,5 шақырым жерде;
7. Міржақып Дулатұлы кесенесі, Жангелдин ауданы, Бидайық ауылы;
8. Амангелді Имановтың жерленген жері, Амангелді ауданы, Амангелді ауылындағы орталық алаң;
9. Әбдіғаппар Жанбосынұлы кесенесі, Арқалық қаласы, Жаңақала ауылы;
10. Кейкі батыр кесенесі, Амангелді ауданы, Тасты ауылы.

Қостанай облысының өңірлік қасиетті нысандары

 

1. Қазыбай әулие Ақпанұлы жерленген жері, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылының аумағында;
2. Құтан әулие Аталықұлы кесенесі, Амангелді ауданы, Амантоғай ауылының жанында;
3. Баймырза әулие Мергенұлының кесенесі, Жангелдин ауданы, Шұбалаң ауылы;
4. Қоянақ әулие Жолшарақызының кесенесі, Наурызым ауданы, Шолақсай ауылынан 20 шақырым жерде;
5. Түркібай әулие Ақанұлы жерленген жері, Наурызым ауданы, Қарамеңді ауылы трасасынан Өлеңді ауылына қарай;
6. Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы кесенесі, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы;
7. Әулие-Никольский шіркеуі, Ұзынкөл ауданы, Пресногорьков ауылы.
8. «Ақмешіт», Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 44;
9. Батыр Маңдай Байдәулетұлының жерленген жері, Меңдіқара ауданы, Алқау ауылы;
10. Батыр Жабағы Ипанұлының жерленген жері, Бейімбет Майлин ауданы, Журавлёв ауылының зиратында;
11. Жазы би Жанұлы кесенесі, Алтынсарин ауданы, Жаңасу ауылы;
12. Шоқай би Балқанұлының жерленген жері, Алтынсарин ауданы, Шоқай ауылы;
13. Қобызшы Тілеп Аспантайұлының жерленген жері, Жангелдин ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде;
14. Күнтимес - Шоқан Уәлихановтың туған жері, Сарыкөл ауданы, Күнтимес ауылы;
15. Омар құдығы (Ыбырай Алтынсариннің туған жері), Алтынсарин ауданы, Сатай аулынан оңтүстік шығысқа қарай 5 шақырым жерде;
16. Сарытүбек ауылы (Ахмет Байтұрсыновтың туған жері), Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылының жанында;
17. Мұхамеджан Сералиннің жерленген жері, Қарабалық ауданының Өрнек ауылынан 10 шақырым жерде;
18. Албарбөгет (Айса бөгеті) Жангелдин ауданы, Қабырға өзенінің алқабы;
19. Татыр шайқасы болған жер, Жангелдин ауданы, Арқалық-Торғай трассасы бойында, Тәуіш ауылынан 3 шақырым жерде;
20. Аспантай абыз әулие Қалдарұлы жерленген жері, Ұзынкөл ауданы, Фёдоров ауылынан 4,5 шақырым жерде;
21. Құлымбет әулие Тәтібекұлы кесенесі, Арқалық қаласы, Қайыңды ауылынан оңтүстікке қарай 7 шақырым жерде;
22. Қостам кесенесі, Арқалық қаласы, Қайыңды ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде;
23. Қыз тамы кесенесі, Арқалық қаласы, Екідің ауылынан 0,5 шақырым жерде;
24. Бейсен би Байжанұлының жерленген жері, Жангелдин ауданы, Шұбалаң ауылынан 4 шақырым жерде;
25. Мәтен батыр Баяндыұлының жерленген жері, Наурызым ауданы, Қарамеңді ауылынан батысқа қарай 14 шақырым жерде, Наурызым қорығының аумағында;
26. Үмбетей батыр Бәйсейітұлы кесенесі, Наурызым ауданы, Қарамеңді ауылынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде.
27. Нұржан Наушабайұлының жерленген жері. Қостанай ауданы, Владимиров ауылынан 12 шақырым жердегі;
28. Байсары батыр Самыратұлының жерленген жері, Қамысты ауданы, Орқаш ауылы.

Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
469
1661
7317
1984791
48611
91210
2013513
Ваш IP: 3.87.250.158
Время сервера: 2022-01-27 06:14:39
Счетчик joomla