Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

Ұлы Жеңіс

pobedapobeda 1pobeda 2 

Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 73-жылдығына орай
мұражайлық іс-шаралары арналды:
- «Ажалсыздық басталды, ...» көрмесінің тұсаукесері,
- «Біз әзірше есте сақтағанымызша, Батырлар тірі...» балалар музыкалық мектебінің оқушылары қатысуымен мерекелік бағдарлама,
- «Ұрпақтарымыз білсін...» тақырыптық экскурсиялардың топтамасы,
- «Өткен уақыттың батырлары туралы» бейнелекторий,
- «Қазақстандықтар тылда және майданда. Біздің Жеңіске қосқан үлесіміз» дәрістер топтамсы.
   Жеңіс бізге қандай қиын бағамен бұйырды, соғыс қанша қираған тағдырлар мен орны толмас қасирет, құрбан болғандар мен азап әкелген туралы, фашизммен күрестегі бүкіл кеңес халқы қандай төзімділік пен теңдесі жоқ ерлікті, батылдық пен батырлықты көрсеткен туралы, мұражай қызметкерлері жастарға айтып берді. Біздің Қазақстан, біздің Қостанай облысы, біздің Денисов ауданы жауды тас-талқан етуіне қандай үлес енгізген туралы Денисов ауданының тұрғындары ұмытпайды. Майдан мен тыл бөлінбейтін болды.
Ауданның әрбір тұрғыны өзінің қажырлы еңбегімен Ұлы Жеңісті жақындатты!

0905201809052018 2

09052018 309052018 4

09052018 509052018 6

09052018 1

     2018 жылғы 9 мамыр күні мұражай қызметкерлері, «мәңгілік полк» акциясына қатысты.
Біз мақтанышпен біздің батыр жерлестеріміздің вице-адмирал Михаил Усатовтың, Кеңес Одағының Батыры Василий Беляндраның портреттерін ұстап алып бардық. Таран отбасы
өзінің үш соғысқан арғы аталарының портреттер ұстап алып барды, біреуі 1943 жылы
қаза тапқан.

09052018 709052018 8
   Мұражайлық іс-шаралардың барлық қатысушыларына алғысымызды айтамыз, аудандық ардагерлер Кеңесінің Президиумына, әсерлі әндер мен соғыс жылдарындағы тамаша аспаптық композициялар үшін Денисов балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілеріне (директоры Е. В. Зимовец және музыкалық хорының жетекшісі И. В. Черныш) ерекше алғысымызды білдіреміз.

 

   Денисов тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстан халқының Бірлік Күніне орай іс-шаралар циклін дайындады: біздің елімізде тұратын халқының салт-дәстүрін таныстырумен «Қазақстанда тұратын халық біртұтас» интеллектуалды-танымдық бағдарламасы және «Біз - Қазақстан халқымыз» жылжымалы көрмесі енгізілді, қазақ, славян, неміс, татар және Кавказ халықтарының тарихы, дәстүрлері, асханасы, ұлттық киімдері ұсынылған.
   Осы кешенді іс-шаралар әр түрлі дәрежелі аудан халқына дайындалды – Антон негізгі мектебінің оқушыларына, Денисов кәсіби техникалық студенттеріне және Некрасовка а. зейнеткерлеріне.

0105201801052018 1

 

Қазақстанның қасиетті географиясы.

«Қамысты» қола дәуірінің нығайтылған қонысы.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында 2018 жылғы қаңтар айында, Қазақстанның қасиетті объектілеріне арналған
кітаптарының тұсаукесері өтті. Бұл кітаптар ғалымдар, археологтар, тарихшылар, этнографтар, бүкіл еліміздің өлкетанушыларының тынымсыз еңбегінің нәтижесі болды, олар «Қасиетті Қазақстан» құрылған ғылыми-зерттеу орталығында біріктірілді, осының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы болды, осыдан бір жыл бұрын Денисов тарихи-өлкетану мұражайында болған.
   «Жалпыұлттық маңызы бар Қазақстанның қасиетті объектілері» кітабында - 185 орын бар, бірнеше категорияларға бөлінген. Бұл қатарға Қостанай облысының 10 объектісі кірді, соның ішінде «Қамысты» қола дәуірінің нығайтылған қонысы да енгізілді (Денисов ауданының Комаров ауылдық округі). Ол бұдан бұрын бізге Қазақстандық Аркаим сияқты белгілі болды ( Ресей Аркаимына ұқсас, өйткені осы екі археологиялық ескерткіш әлемге әйгілі «Қалалар еліне» жатады, Орал - Қазақ даласының аумағында 4 мың жыл бұрын орналасқан.
   Ал «Өңірлік қасиетті объектілер» кітабына бүкіл елімізден 500-ге жуық объектілері кірді, оның ішінде Қостанай облысының жергілікті маңызы бар 19 объектілері енгізілді.

 

"Наурыз – бірлік, сүйіспеншілік және жаңару мезгілі"


   Жас ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қатыстыру , отбасылық құндылықтарды сақтауға және құрметтеуге мақсатында, сабақтастық принципін сақтай отырып, Наурыз мейрамы қарсаңында № 2 Денисов орта мектебінің 3-ші сынып оқушылары үшін (сынып жетекшісі Е.А. Новицкая) мұражай қызметкерлерімен «Отбасы – бақыт мекені» конкурстық бағдарлама өткізілді. Ұмытылмас толық әсерлі және сезімді мерекеге Наконечный, Амантаевтар және Алпысбаевтар отбасылары қатысты.


  Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің тамаша талантын және шеберлігін көрсетті.Олар әрбір конкурсқа үлкен жауапкершілікпен көңіл бөлді. Сайыскерлер өзінің тамаша көркем презентацияларын көрсетіп шықты, шешен және қол жетімді бізді өз отбасыларымен таныстырды, қатысушылар қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрлерін тамашалап берді, сонымен қатар балалар өз қолдарымен жасаған жұмыстарды көрсетті. Мереке барысында біздің сайыскерлеріміздің орындауында көңілді әндер, сондай-ақ, жарқын және көңілді билер орындалды. Іс-шараның басты ерекшелігі аспаздық байқау "Ұлттық тағам көрмесі" болды, мұнда біздің қатысушылар дәмді және тәтті тағамдар дайындап әкелді.
  Конкурстың барлық қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

2003201820032018 1

20032018 220032018 3

20032018 420032018 5

20032018 620032018 7

 

   Астананың жиырма жылдығына арналады...

   Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Денисов тарихи - өлкетану мұражайының қабырғасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сурет галереясының «Жаңа мыңжылдықтың астанасы» фотокөрмесінің тұсаукесері өтті.
   Көрме екі белгілі қостанайлық авторлардың Георгий Шаповалова және Игорь Вальтер Астананың көрікті жерлерінің 20 фотокомпозицияларын көрермендерге ұсынды.
   Көрмені ашуға қатысқан, № 2 Денисов орта мектебінің сегізінші сынып оқушыларына, Астана суреттерін тамашалап көруге, сөзжұмбақ сұрақтарына жауап беруге, белсенді парақтарымен жұмыс істеуге, біздің астанамыздың жаңа архитектуралық ғимараттарының атауларын біліп алуға мүмкіндік берілді, сонымен қатар аудандық мәдениет Үйінің музыка жетекшісі Ілімжанов Тайжанның орындаундағы әнді тамашалап алды.

1903201819032018 1

19032018 2

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 69 гостей на сайте