Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

     Денисов тарихи-өлкетану мұражайында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктемгі жарық әйелдер Күнімен сізді шың жүректен құттықтаймыз!» мерекелік бағдарламасы өтті. Әжелер мен аналарға ойын бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ, музыкалық мектебінің педагогтары мен тәрбиеленушілерінен сыйлық ретінде шағын концертті қабылдап алды. Светлана Ержанованың орындауында бірнеше сырласу әндер шырқалды. Содан кейін біздің қонақтарымыз дастархан үстінде өздері караоке арқылы қуана-қуана ән салды.

0703201807032018 1

07032018 2

 

   2018 жылғы 23 ақпан күні Перелески ОМ 4 сынып оқушылары үшін Денисов ауданының мәдениет қызметкерлерімен Денисовка ауылының атаулы және тарихи жерлері бойынша мәдениет мекемелеріне баруымен экскурсиялық тур ұйымдастырылды.
   Жас экскурсанттар «Трактор ДТ-54» алғашқы тың игерушілеріне арналған ескерткішіне, «Керей мен Жәнібек» мүсін тобына, 1919 жылғы оқиғаларына арналған, Тобыл өзенінің биік жағасындағы ескерткішіне, Жауынгер ескерткішіне, сондай-ақ көне ғимараттар мен Денисовка ауылындағы жаңа саябақтарына барды, биыл Денисовка а. 115 жылдығын тойлайды.
   Экскурсиялық бағдарламаға тарихи-өлкетану мұражайына, орталық балалар кітапханасына және аудандық мәдениет Үйіне баруы енгізілді, онда балаларға қызықты бағдарламалар ұсынылды: шолу және тақырыптық экскурсиялар, ойын бағдарламалары мен үлкен LED – экрандағы мультфильмдерді қарап шығуы.
   Біздің ойымызша, балаларға бұл экскурсиялық тур естерінде қалады және олар өзінің кіші Отанының тарихы туралы тіпті жақсы біліп алады.

2302201823022018 1

23022018 223022018 3

23022018 423022018 5

 

   Денисов тарихи-өлкетану мұражайында № 3 орта мектебінің сынып оқушыларына арналған «Масленица аптасында» атты этнографиялық мерекесі өткізілді.
   Балалар қысты шығарып салу тамаша славян мерекесі туралы, масленица апталығының салт-дәстүрлері, әр күнінің атауы туралы біліп алды. Біздің жас келушілерге көне орыс ойындарын ойнауға, әсіресе, жұмбақтарға жауап беру, қағаз блинмен басында кросс жүгіру ұнады. Ойындардан кейін балалар тәтті тағамнан – блиннан дәм тәтті. Тамақ ішіп қуаттанғаннан кейін, мұражай қонақтары масленица тұлыбын жағып, Қысты шығарып салды, Көктемді шақырды.

 

   № 2 Денисов орта мектебінің тоғызыншы сынып оқушыларына мұражайда тарих сабағы өткізілді. Мұнда олар «Денисов ауданында тың және тыңайған жерлерді игеру» тақырыбын игерді.
   Ауданның 1950 – 1980 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуытуралы, мұражай экспозициясынан оқушылар білім алып шықты. Тың кеңшарларының, әлеуметтік-мәдени объектілердің құрылысының ұйымдастыруы туралы, көптеген одақтас республикалардан тың жерлеріне келгендердің, Қазақстанның жергілікті тұрғындарымен бірлесіп жеңіп шыққаны қиындықтары туралы мұражай қызметкерлерінің қызықты әңгімесі біздің келушілер назарына ұсынылды.
   Балалар тың уақытындағы экспонаттарымен танысып шықты, оларға біздің жерлестеріміз – Социалистік Еңбек Ерлері туралы баяндайтын презентациялар, «Қазақстан тыңы» деректі фильмі қарауға ұсынылды. Сабақ соңында оқушылар интерактивті карточкаларды толтыра отырып, өз білімдерін тексерді.

1302201813022018 1

13022018 213022018 3

13022018 4

 

«Творчество – это загадка,
которую художник задает сам себе»
Станислав Ежи Лец

   2018 жылғы 7 ақпан күні Денисов тарихи – өлкетану мұражайының қабырғасында көрме залында көркем сурет мектебінің оқушылар үшін «Әсемділікті көру өнер» салтанатты интерактивті іс-шара өтті.
   Алдымен біздің қонақтар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сурет галереясының «Көшпенді мәдениет пен табиғат бірлігі» көшпелі фотокөрмесін тамашалап көріп өтті.
   Содан кейін балалар Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері, біздің облысымыздан алыс жерлерде белгілі: Георгий Соковтың, Светлана Шалунованың, Николай Торшинның, Юрий Новоселовтың, Наталья Халифаеваның, Николай Гончаровтың, сондай-ақ біздің жерлестеріміздің жұмыстармен: Алексей Беговтың және Валерий Сейтбаталов мүмкіндігі шектеулішексіз суретшісі жұмыстарымен танысты.
   Мұражайдың жас келушілері 2007 жылғы Қостанай облысының Меценат Клубының лауреаты, 2008 жылы мамыр айында Мәскеуде өткен «Филантроп» халықаралық конкурсының жеңімпазы
«Жеңу. Мүмкіндік шекарасы» номинациясындағы, В. Сейтбаталовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білді.
   Кішкентай суретшілер өнер туындыларын көруге және түсінуге үйренді, сұрақтар қойды және оларға мұражай экспозициясыларынан жауаптар тапты, белсенділілік парақтарымен жұмыс істеді, қуана-қуана сурет салды.

0702201807022018 2

07022018 107022018 3

07022018 407022018 5

07022018 607022018 7

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 68 гостей на сайте