Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

     2017 жылдың 14 наурыз күні Денисов тарихи - өлкетану мұражайына «СОFСО» қытай компаниясының өкілдері келді. Қонақтарды Ғазезов Бекзаттың орындаунда «Елім-ай» тамаша, қазақ өлеңімен қарсы алдық.
   Шетелдік қонақтар жарқын және тамаша келе жатқан Наурыз Мерекесіне арналған «Құтты болсын шалқар тойың» атты Лисаков мұражайының жылжымалы көрмесінің бірінші келушілері болды.
   Мұражай қызметкерлері қонақтарды мұражай экспозицияларымен таныстырды, Денисов ауданының тарихы туралы айтып берді.
   Экскурсияның аяқтауында қонақтар мұражай туралы өзінің мейірімді тілектерін сын-пікір кітабында жазып қалдырды.

1403201714032017 1

 

 

 

 

 
There are no translations available.

   В Денисовском историко-краеведческом музее проведена беседа с посетителями музея по теме «Программа конституционных реформ». В беседе была затронута основная тема модернизации политической системы Казахстана, рассмотрено выступление Президента Н.А. Назарбаева на совместном заседании палат парламента Республики Казахстан («Казахстанская правда» от 4 марта 2017 года), где была дана оценка всенародному обсуждению предлагаемых конституционных реформ.

1103201711032017 1

 

«Наурыз айында ерекше күн бар»

   8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен «Наурыз айында ерекше күн бар» атты демалу кеші өтті. Екі сағат серектес достарымен шай ішіп, жылы, тату жағдайда уақыт өте тез өтіп кетті. Іс-шараға Денисовка к. тұрғындары қатысты, олар үлкен қызығушылықпен конкурстарға қатысты, адамзаттың әсем және сұлу серігіне арналған өлең айтып, жыр шырқады. Кеш барысында қонақтар түрлі тарихи замандағы өз Отанын қорғаған батыр әйелдер, Қазақстанның спорттағы, саясаттағы әйелдері, ұлы әншілер, әртістер және бишілер туралы айтылды . Іс-шара біздің қонақтарымыз үшін көп жақсы сәт сыйлады, позитивті өтті. Мерекеге – 35 адам қатысты.

0403201704032017  1

04032017 2

 

      2017 жылдың 1 наурыз күні Қазақстанда екінші рет Алғыс айту күні мерекесін тойлады – бұл күні өзге ұлт өкілдері бір-біріне және қазақ халқына ризашылығын білдірді.
      Осы күні мұражайға біздің ауылдастарымыз, оларға мұражай қызметкерлері қызықты бағдарлама дайындады: «1 наурыз – Алғыс айту күні» бейнесюжетінің үзіндісін және «Қазақ жеріне рақмет!» лекциясын тамашалап алды және қазақ халқының этнография залы мен славян халықтарының тұрмыс экспозициясы бойынша интерактивті экскурсия өткізілді. Мұнда біздің келушілеріміз қазақ және славян халықтары бойынша көп мәліметтер біліп алды, көне заттарды ықпалына келтірді.
      Қатал сталиндық жаппай жазалау шаралар жылдарында ғаріп, жер аударып жіберілген, қоныс аударғандар жүз мыңдаған өзге ұлт өкілдері қазақ халқына ризашылық білдіргені іс-шараның ой өзегі болды.
      Польша, Германия, Ресей, Израиль, Әзірбайжан, Грециядан – бүкіл жер шарының бұрыштарынан, қазақ халқы арқасында тірі қалғандар ұрпақтарынан - бейнесюжеттің басты кейіпкерлері ізінше, біз «ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ – КӨП-КӨП РАҚМЕТ!» айттық.

0103201701032017 1

01032017 201032017 3

01032017 401032017 5

 

 «Боярыня- Масленица!»

    Масленица - орыс халқының ең сүйікті мерекесі, бұл көңілді қысқы күндер, ойын, қызығушылықтар, әзіл-ойындар, айғай-шу, қоңыраудың шылдырлауымен, құймақтың дәмді иісімен толы.
      Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлеріне біздің жас келушілерімізге масленицалық іс-шараларды өткізуі жақсы дәстүр болды. Осы жылдың да ерекшелігі болмады, «құймақ аптасы» кезеңінде «№ 2 Денисов орта мектебі» ММ 2-ші сынып оқушыларына мұражай қызметкерлерімен «Боярыня- Масленица!» этнографиялық мерекесі өткізілді.
      Балалар мереке барысында славян халқының сауық-сайран хақындағы мерекелеуі мен шығу тарихымен танысты, мерекелік аптаның әр күні қалай аталатынын туралы біліп алды. Көңілді әзіл-ойындарсыз Масленица өтпейді. Балалар үлкен қызығушылықпен әр түрлі конкурстарға, халық әзіл-ойындарында ептілігін көрсетті, халық масленицалық өлеңдерін орындады, қол ұстасып әндетіп ойын ойнады. Масленицаның тұлыпын өртеу мерекенің шарықтау шегі болды, мерекенің соңында балалар дәстүрлі маленицалық қызғылт дәмді құймақтың дәмін тәтті. Осылай біздің жас келушілеріміз орыс халқының дәстүрімен, сонымен қатар сүйікті халық масленицалық серуенімен танысты.

2402201724022017 1

24022017 224022017 3

24022017 424022017 5

24022017 6

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 62 гостей на сайте