Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАРЫҒЫ


   2016 жылдың 3 мамырында Денисов ауылының тұрғындары үшін мұражайда мерекелік «Ұлы жеңіс жарығы» бағдарламасы өтті. Іс – шараға құрметті қонақтар – Ұлы Отан соғысының арадагері Александр Федорович Кибитов жұбайы Надежда Павловнамен, Денисов аудандық арадагерлер кеңесінің төрағасы Срымов Темирбек Баймұхамедұлы қатысты.
   Жүргізушілер қатысушыларға жылы сөздері мен құттықтауларын арнады, көптен күткен Ұлы жеңісімен құттықтады.
   Мұражай қонақтары Екінші дүние жүзілік соғыстың фронтында өз Отанын қорғауға атсалысқан Кеңес одағы батырлары – қазақстандықтар, қостанайлықтар, денисовтіктер туралы толық мағлұмат білді.
   Берлинге жетіп, «Я Кибитов из Сибири» мәңгі жазуын рейхстагта қалдырған А.Ф. Кибитов өзінің сол сұрапыл соғыстағы естеліктермен бөлісті.
   Денисов балалар саз мектебінің тәрбиеленушілері ( жетекшісі – Зимовец Е.В.) өздерінің өнерлерін көрсетті. Кішкентай Лиза Зимовец «Баллада о младшем брате» және «Мой дедушка – герой!» әндерін шырқаса, ал Светлана Медведева керемет «Жар –птица» және «Мой Казахстан» әндерін орындады.
   Мәдениет үйінің саз жетекшісі Ғазезов Бекзат домбырамен әскери әндерден попурри орындады.
   Іс – шараға Лисаков мұражайының «Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Қазақстан» көшпелі көрмесі дайындалған болатын.

03052016 103052016

03052016 203052016 3

03052016 403052016 5

03052016 6

 

 

    2016 жылдың 27 сәуірінде №1 Денисов орта мектебінің 6сынып оқушылары үшін мұражай қызметкерлері Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына арналған «Жер планетасының дауысы» атты лекция жүргізілді. Біздің лекциямыздың негізгі мақсаты оқушыларды ядролық жарылыстардың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері туралы ақпараттандыру, полигонды жабу кезіндегі антиядролық қозғалыс қызметінің маңызын көрсету болды. Лекция барысында балалар біздің республикамыз ХХІ ғасырға ядросыз держава есебінде кіргенін білді. Қазақстан Республикасы –планетасы әлемдегі ең мықты полигон – көптеген адамдардың өмірі мен адамдардың тағдырын алып кеткен Семей ядролық полигоны бірінші жабылған тәуелсіз егеменді мемлекет. Полигонның жабылуы- бұл ядролық соғыс қаупінен босатылған әлемге қадам жасау.Семей ядролық аумағы ядролық эксперименттен қатты зардап шеккен планеталар аумағына жатады. Бүгінгі күні Семей полигоны тыным тапты, Қазақстаннан ядролық зарядтар шығарылды, Республика ядросыз аймаққа айналды.Бірақ аз әсер ететін атом бомбасы радиация алған тұрғындардың генында қалды, радиация тұрғындардың генетикалық кодын жарақаттады. Семей полигоны- тек қана Қазақстанның жарасы емес, бұл бүкіл әлемнің жарасы, себебі радиациядан мемлекеттік шекарамен аулақтануға болмайды.
   Лекция бойы мұражай қызметкері Семей полигоны тарихын ашатын көрсетілім әзірледі. Лекция соңында балалар ядролық сынақтың зардаптары туралы бейнеролик қарады.

27042016 127042016 2

27042016 3

 

   Чернобыль Атом Электр станциясындағы болған техногендық апаты 30 жыл бұрын болды - бүкіл адамзат үшін бұл қайғылы оқиға есте қалды, осы жылдың 19 сәуірінен 27 сәуірге дейін Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен «Чернобыль – қайғы, ерлік, ескерту» атты лекцциялар топтамасы өткізді. Жалпы білім беретін №1 мектеп оқушылары мен «Денисов кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенттері апаттың себебе туралы, радиациялық сәуле таралуының салдары және 1989 жылы 25 сәуірден 26 сәуірге қарағанда болған оқиғаның, экологиялық апаттың салдарын жойған бағасыз үлес қосқан біздің Республикамыздың Чернобыль апатының салдарын жойғандардың ерлігі туралы. В.Коновалов украин ғалымы, 4-ші атом энергоблок электр станциясында болған жарылысының салдарынан зардап шеккендер мутант-аңдардың денелерін ғалымның өз қолымен жинаған коллекциясы тыңдармандарға үлкен әсер етті. Іс-шараның соңында «Авария на Чернобыльской АЭ» фильмының үзіндісі көрсетілді. Іс – шараға 187 адам қатысты.

27042016

 

   Қазақстан халықтары бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында №1 ДОМ оқушылары мен «Денисов кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенттері үшін мұражай қызметкерлері «Бір халық- бір тағдыр» танымдық-зияткерлік ойынын дайындады. Іс-шараның негізгі мақсаты болып біздің аудан аумағында тұратын халықтардың әдет-ғұрпы мен мәдениеті, өз халқының тарихы туралы білімдерін толықтыру мен дүниетанымына танымдық қызығушылығын белсендіру мақсаты көзделді; елімізде тұратын халықтардың мұрасы мен тарихи өткеніне, мәдениетіне сыйластық, махаббат сезімін сезіндіру. Оқушылар екі раундта өз білімдерін тексеру ұсынылған танымдық-зияткерлік ойынына қызығушылықпен қатысты, балалардың әрқайсысы сұрақтың күрделілік дәрежесіне қарай өздеріне номинация таңдады. Іс-шара соңында «Қазақстан- көпұлтты ел!» бейнеролигі көрсетілді.
   Қазақстан халықтарының бірлігі күні- біздің көпұлтты орасан зор еліміздің әрбір тұрғыны үшін маңызды, әсерлі күн. Бұл күннің ойын-сауық бағдарламасының мазмұндылығы ғана емес, кішіден үлкенге дейін бәріміз ұнататын тамаша өлке- ақындардың шексіз дала, тауларын жырлаған елде тұратын біздер үшін ерекше маңызы бар.

2004201620042016 1

20042016 220042016 3

 

   Денисов кәсіптік-техникалық колледжінің ІІ курс студенттері үшін тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері қазақ қоғамының көрнекі және мемлекеттік қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым және аудармашы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған лекция өткізді.
   Студенттер көрнекі саяси қайраткер, «Алаш» партиясының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы жайында танысты. Әлихан Бөкейханов өзінің бар өмірін өз халқының азаматтық еркіндігі үшін күреске арнады.Ол өз халқының ұлы болды.
   Ә.Бөкейханов түрлі әлеуметтік- саяси күш өкілдерімен келісім мен тіл табыса білді. Ол Қазақстанның аймақтық тұтастығын ( осы уақытқа дейін қосылып жатқан шекараларда) Колчакпен, Дутовпен, Ленинмен, Сталинмен, яғни, сол саяси күрделі мәселелерде барлық ойыншылармен келісімсөздерде ұстап тұра алды. Оның есімін сол бір, кімнің тәжірибесі мен мұрасын білу мен зерттеу, оның ең басты арманы- Қазақстан тәуелсіздігін алуы орындалуымен жеке тұлғалардың қатарына қоюға болады.
   Іс-шараның қорытындысында еркіндік үшін күрескен көрнекі күрескердің қайғылы тағдыры туралы «Ұлы қазақтардың жұмбағы мен тағдыры » деректі фильмі көрсетілді.

1604201616042016 1

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 72 гостей на сайте