Выбор языка
Главная страница // 28 ноября 2017 г.

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
   Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен № 1 Денисов орта мектебінің сегізінші сынып оқушыларына арналған «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ» осындай атты азаматтық және отаншылдық сабағы өтті.
   Сабақ Нұрсұлтан Назарбаевтың ғұмырнамасының елеулі кезеңдеріне станция бойынша саяхат ретінде жасалды. Сегізінші сынып оқушылары Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағы, жастық шағы, отбасы туралы, біздің елімізде президент институтының шығуы туралы, сонымен қатар президент бастамасындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұны туралы біліп алды.
   Назарбаев қолымен жазылған, әр түрлі жазбалар, күнделіктегі іс белгілері көшірмелері, сонымен қатар оның жеке құжаттарының көшірмелері. Болашақ Президенттің оқу табелі ерекше қызығушылықты танытты.
Сегізінші сынып оқушыларының назарына Қазақстан Басшысының бірінші бүкілхалықтық сайлауы және біздің Президентіміз туралы кітаптар ұсынылды.

28112017

 
Сейчас на сайте находятся:
 25 гостей на сайте