Выбор языка
Главная страница // Туған жердің шежіресі

PostHeaderIcon Туған жердің шежіресі

Денисов ауданы 1919 жылда құрылған, Челябі губерниясының Қостанай уезінің құрамына кірді.

1920 жылдың 16 қыркүйегінде Кустанай уезі құрылған Қазақ КСР-ның құрамына кірді.

1920 жылдың 9 қарашасында Кустанай уезі уақытша Орынбор-Торғай губернияның құрамына берілді.

1921 жылдың 1 сәуірінде Кустанай уезі құрылды, соның құрамында 7 аудан болды, сонымен қатар Денисов ауданы да құрылды.  (15 болыстар).

1922 жылының 27 шілдесінде Денисов ауданы Денисов уезіне аударылды.  1922 жылдың 27 шілдесінде Денисов ауданы Денисов уезіне қайта құрылды.(27 өкілдер). 1938 жылы 7 қаңтарда Орджонекидзе ауданы құрылды (Жетіқарадан бөлінген).

1936 жылы, Кустанай облысы құрылғанына шешім шықты. 1938 жылдың 7 қаңтарында облыс басшылары қаулы шығарды, Орджонекидзе және Жетіқара аудандары құрылғанына (1938 жылға дейін Денисов ауданы Жетіқара ауданы Ақтөбе облысы құрамында болған). Орджонекидзе  1938 жылы Серго Орджонекидзе  қайтқаннан кейін аты берілген, яғни атақты революционер, В.И. Ленинның серіктесі, СССР ауыр өнеркәсіп наркомы.

1955 ж. – Орджоникидзе ауданынан Қамысты ауданы бөлінген.

1963-1966ж.ж  ауданға қайта Денисов аты берілді, содан 1977 жылға дейін тағы да Орджоникидзе ауданы деп болды.

1977 ж 17 маусымнан ҚР Президентінің жарлығы бойынша Орджоникидзе ауданы Денисовский ауданына атын өзгертті, ал Орджоникидзе селосы Денисовский селосына өзгертілді.

Читать полностью

 

Денисов ауданы Қостанай облысының батыс жағында орналасқан.

Солтүстік және батыс жағында Челябі облысымен шекарасады,оңтүстік жағы Қамысты мен Жетіқара аудандары, шығыста Қостанай облысының  Таран ауданы. Жалпы ауданы 6,8 мың шаршы келометр.Тұрғын саны 21035 адам (2012 ж саны бойынша), соның ішінде қазақтар - 5973, орыстар - 8011, украиндер- 3534, немістер- 1501, белорустер -596,  татарлар- 330, башқұрттар-206,, азербайджандар- 153, молдавандар-97, ингуштер-91, удмурттар-86, армяндар-59, шешендер- 50, чуваштар- 45, поляктар-40, мордвалар- 26, корейстер-19, басқа халық этностары-218. Аудан бойынша 30 ұлт және халқы тұрады.  Ауданда 37 мектеп бар, соның біреуі 1 қазақ мектебі, орыс мектебі 33, 3 аралас мектеп, 1 кәсіптелген  лицейі, аурухана 1, 5 ауыл дәрігер амбулаториясы, 38 фельдшер- акушерлік пункті, 17 кітапхана, 7 мәдени клубтар, 1 мұражай. Негізгі аудан жоспарланған білігі шойын жолы –Жетіқара- Денисов- Қостанай. Республикалық автожолы Қостанай-Рудный-Тобол-Перелески-Денисов-Жетіқара, ауданның оңтүстік жағынан, оңтүстіктен- батысқа, солтүстіктен- шығысқа.

Читать полностью

 

Қостанай Археологиялық Экспедициясы Денисов ауданында 1971-1991 ж. мемлекеттік қорғанысқа 109 археологиялық мұралар тауып және жіберді: қорғандық топтар және жеке қорғандық, қоныс, кідірістер, қор- молалар.

4000 жыл бұрын біздің ауданға дүниежүзілік археологиялық «Страна городов» дегенге кіретін, яғни Ресей және Қазақстанға созылатын, индо- европейлік тайпа кіретін, өзінің жазуы және астрономиялық белгі болатын.

Осының  20 ескі қоныстандыруы белгілі, ең жаттанды- Аркаим ( Ресейдегі Магнитогорск қаласынан алыс емес).

Біздің ауданымызда Первомайский қоныс болатын қола дәуірінен (ХVIII-XVII ғ.біздің дәуірімізге дейін) Қазақстан еліндегі бүгінгі күнге  жалғыз ескерткіш қола дәуіріндегі мәдениет. Қола дәуіріндегі қорғау қабырғалар ежелгі қала-бекіністер Оңтүстік Зауралда және біздің Первомайский с.  Бұл қала-бекініс, қала- храм, қала-шеберхана, қала- обсерваториясы, алдағы уақытта әлі біз білмейміз қандай ғажайып  .

Читать полностью

 

Орта ғасырдан бастап, аудан шекарасында қазақ ру тұрғындары көше бастады. Біздің уақытқа дейін кейбір ауылдың аттары қалды: Карпыковка( Красноармейка) (1894),Аққармаковтың қыстағы (1903), « Түйемойнақ» аулы ( Денисов пен Антоновка қазіргі заманда), Әлімбай аулы, Ирманкүл қыстағы (Аят өкілі), Валейкин аулы( Фрунзе с. жанында),№15 ауыл (Ақсу), Мақыраяқ аулы (Окраинка с. жанында), №1 ауыл (Шұңқыркөл аулына 5 км.), Бабиткино аулы  (қазіргі Аят аулынан 4 км), Әбіштай, Құжүр, Махмұд, Көтібоқ ауылдары( Искра аулының жанында).

Читать полностью

 

Қоныс аудару біздің ауданда 19 ғасырдан басталды..  1835-1837 жылдары Георгиевка және Константиновка бірінші казачья станицалары құрылды. Ең бірінші европейлік біздің елге келген қоныс аударып, Карпыкова заимкісіне қоныстанды 1894 жылы. Содан кейін қоныс аудару тыныштығы басталды.

1900-1907 жылдары қоныс аудару ауылдары құрастырылды: Антоновка, Денисовка, Петровка, Симоновка,  Минославка, Спиридоновка  тағы басқалар.ХХ ғасыр басында біздің  ауданға қоныс аудару күшейіп ағын басталды: мұнда орыстар, украиндер, немістер(негізінде орталық Ресейден және Украинадан).  1904 ж. - Гришенка, Забеловка, Львовка, Южный. Ел қондыру біркелкі болған жоқ..  Денисовкаға  1903 г.   17 жанұя келді  (барлығы 111 адам), ал келер жылға 84 жанұя (612 адам).  Бірінші келген жанұялар - Киселевтар, Килькиновтар, Харьяковтар, Пашковтар, Дубининдер, Добычиндер, Пискуновтар.

Кейін ауданда қоныс аударғандар:  1907 жылы  Чебендовка аулында құрылды (шаруа адамдарымен  Чернигов, Одесса, Херсонск, Тавриченск губерниясынан). Ал 1911ж.  Анфисов, Кузьмичев, Никольское, Соловьевское, Афонасьев,  Новоокрайн, Сереньков, Шүкібай, Зинаидинский  хуторы (ауылдары ) пайда болды.

Денисовка ауылының қалай пайда болғаны. Көптеген гипотездер, жорымалдықтар айтылған.. Солардың біреуіне тоқталайық. Бірінші Денисовка көпес Денисов атымен берілген,баяғыда осы жерлерде сауда істеп жүрген. Екіншісі- осы жерге бірінші қоныс аударған Денис аты болған.   Үшіншісі- жаңа ашылған ауылға адам атын берген,яғни шіркеу күнтізбелігіне қарап Дионисия (орысша Денис), аты берілді. Баяғы тұрғындар естелігімен, тағы да бір хабарлар бар,   Денисов аты Қостанай жер құрылысы жиналысында айтылған, яғни бірнеше варианттар болған, бірақ қорытындыла келгенде Денисов аты қойылды..

Өте күшті қоныс аудару ағыны қыр даланы айтарлықтай өзгертті.1906 жылы Денисовка үлкен орталық болып, бұнда қазіргі аудан аймақтары кірді: Денисов, Жетіқара, Қамысты, Таранның бөлігі, Оренборг губерния уезінің Орск бөлігі.Денисов жеріне қоңыс аударған адамдарға өте қиын жағдай болған, бұл мәліметті Қостанай қаласындағы шығатын  « Степные отголоски» газетінде жазған..

 

Біздің  облысымыздағы 4 сәуірде 1910 жылы шыққан газетінің бетінде: «Днисовканың қоныс аударған тұрғындардың қыстан шыққан өмірлері  ұйқыдан көздерін ашып жатыр және көктем қимылына дайындалып отыр.   Халықтың лебіне құлақ саласын және қазіргі жағдайға қарайлайсын. Еңбек- диқаншыларда сондай көктемгі көңіл-күй жоқ …»

Бірақ уақыт өтіп бара жатты, өмір дұрысталды.   Денисовкада      бір талай топ бай купецтер шыға бастады:   Бессарабовтар, Блиновтар, Кияткиндер, Маяцкийлар, бұлар жел және механикалық диірмендер сала бастады. Ауылда дукендер ашыла бастады. Үнемі жыл сайын волостық жәрмеңкелер өте бастады, бұл жәрмеңкелерде көптеген крестьяндар, купецтер қатысты.   Денисовкаға  бүкіл округтардан,  қалалардан - Челябі, Троицкіден, Оренбургтан, Қостанайдан қатысты.  Біз малмен,балықпен, тұзбен сауда жүргіздік. Бізге бидай, жиһаз, әшекейлер, аяқ-киімдер, шаруа- инвентарлар әкеледі.

Мектептер ашыла бастады. Денисовкада бірінші мектеп, бірінші тұрғынның Григории Килькиновтың айтуынша 1908 жылы ашылды. Осындай ағаш мектептер ауылда ашыла бастады   Гришенкада, Антоновкада, Спиридоновкада, Петровкада, Окраинкада, Тавриченкеде. Көтеріліске дейін Денисовкада 3 орыс шіркеуі болды олар: Денисовкада, Петровкада, Георгиевте.  Бұрынғы ел тұрғындары еске алады орыстардың мейрамдарына қалай шіркеу дауыстары шығатыны.       .

Денисовкада бір фельдшер болатын, ал шағын аурухана дәрігермен Львовкада болған. Сондай-ақ біздің ауылда былғарыны өндейтін, шығаратын кішкентай зауыт болатын және сала майын өндіретін  болған.

1917 жылы Денисовкада  80 орам болған.

Читать полностью

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 60 гостей на сайте