Айтмұхамбетов Ахметқали

Айтмұхамбетов Ахметқали


   aitmuxambetov

   1908 жылы 22 желтоқсанда Меңдіғара ауданы, Обаған ауылында дүниег келген.
Еңбек жолын 1923 жылы жалдамалықтан бастады. 1929-1930 жылдар аралығында №5 ауылкеңесінде төрағалық етті, ал содан кейін мұғалімдік курстардағы оқуда болды.
   1931 мен 1939 жылдар аралығында халыққа білім беру бөлімінде: мұғалім, бастауыш мектеп меңгерушісі, инспектор және Меңдіғара АХББ меңгеруші болып жұмыс атқарды. 1940 жылдан бастап партия және кеңес жұмысында- парткабинет кеңесшісі, Қазақстан КП (б) Меңдіғара АК хатшысы болды. 1944 жыл мен 1946 жылдары Введен ауд.ком. партиясының бірінші хатшысы, содан кейін Меңдіғара ауданында «Заготскот» аудконторының басқарушысы, Затобол аудандық атқару комитетінің төрағасы орынбасары, 1949 бен 1953 жылдар аралығында Семиозер ауд.атқ.комитетінде, ал 1953 пен 1963 жылдары- аудандық еңбекшілері депутаттар Кеңесінің Орджоникидзе ауд.атқ. ком. Төрағасы қызметтерін атқарады.
1957 жылдың 11 қаңтарында оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

1963 жылдың қаңтарынан бастап- Қостанай обл.атқару комитетінің баспасы мен полиграфия бөлімінің бастығы болып істеді.
Ленин ордені, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. 1969 жылдың 5 мамырында өмірден өтті. Қостанай қ. жерленген.

Счётчик посещении

1458625
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
875
3890
8924
1436973
22794
62670
1458625
Ваш IP: 18.206.238.77
Время сервера: 2021-05-12 09:09:03
Счетчик joomla