Академик Ш.А. Алтаев

 

altaev      АЛТАЕВ Шауқат Алтайұлы (1927 – 2008) - таукенші ғалым, профессор, техника ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Республика Министрлер Кабинеті сыйлығының лауреаты, кен өндіруінде арнай әдістер құру саласында және одан пайдалы компоненттерді шығарып алған белгілі ғалым.
Ш.А.Алтаев 1927 жылы 5 қаңтар күні Қостанай облысы Денисов кентінде өмірге келді. 1950 жылы Қазақ тау-кен-металлургиялық институтын бітірген. Қазакстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясынын академигі. Академик Қ.И. Сәтбаевтың нұскауы бойынша Карағанды көмір бассейніне Тау-кен ісі институтының көмір кен орындарын өндіру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеуге жіберіліп, еліміздің көмір өнеркәсібі жүйесінде 18 жыл жұмыс істейді.
1976-1981 жылдары Д.А.Конаев атындағы Тау-кен ісі институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары, 1981 жылдан бастап қойнауларды өндірудін арнайы әдістері зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1991 жылдың 19 шілдесіпде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кабинеті «Полимерлік композицияларды, кұралдарды, технологияларды зерттеу, өндіру және оларды еңбек өнімділігі мен кауіпсіздігін арттыру, өнімдердін өзіндік кұнын төмендету, Қазақстан тау-кен кәсіпорындарына енгізу» жұмысының жетекшісі ретінде сыйлық тағайындайды.
550 ғылыми жұмысы жарияланған, оның ішінде 15 монография, 35 кітапша бар, Қазақстан Республикасынын 70 өнертабыс патентін алған. Жұмысының біраз бөлігі Үндістанда, Түркияда, Украинада, Ресейде жарияланған. Ресей ғылым академиясының тау-кен ғылымдары мәселелері жөніндегі ғылыми кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» ордені, «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 50 жыл», «Кұрметті шахтер», «Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынын өнертапқышы», «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынын Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен, екінші және үшінші дәрежелі «Кенші даңқы» кеуде белгісімен марапатталды.
Шауқат Алтайұлы Қазақстан кен ғылымына қосқан зор үлесі және Д.Қонаев атындағы Кен істері институтын дамытуға сіңірген еңбегі үшін "Д. Қонаев атындағы Кен істері институтының құрметті ғылыми қызметкері" атағына ие болды.

Счётчик посещении

1458397
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
647
3890
8696
1436973
22566
62670
1458397
Ваш IP: 18.206.238.77
Время сервера: 2021-05-12 07:35:06
Счетчик joomla