Последние добавленные материалы

Ұлы Дала мұражайларының қазынасы

   Халықаралық Музейлер Күніне Денисов тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлы Дала мұражайларының қазынасы» атты үлкен іс-шара өтті.
   2019 жылы Халықаралық музей мерекесінің басты тақырыбы «Мұражайлар мәдениет орталығы ретінде: дәстүрдің болашағы» ұраны болды. Осы тақырыпты дамыта отырып, Денисов тарихи-өлкетану мұражайы өзінің «Мұражайдағы түн – 2019» интерактивті акциясының тұжырымдамалық негізін Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын сайлады.
   Мұражай залдарында «Алтын адам», «Аң стилі», «Ұлы Дала металлургиясы», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Атқа міну мәдениеті», «Қазақстанның киелі географиясы» атты интерактивті көрмелер жұмыс істеді.
   Түнгі музейге келушілер барлық бағдарламаларға белсенді қатысты: ежелгі руникалық хаттарды ашып, руналарды мұқият қашап шығарды, сөзжұмбақтар шешті, зияткерлік ойындар мен викториналардың сұрақтарына жауап берді, «Аң стиліне» тән Алтын адамның фигуралары мен жануарлардың бейнелерін қиды. Ең белсенді қатысушылар сыйлықтар алды.

   Ең кішкентай келушілер үшін балалар ойын әлемі жұмыс істеді, онда балалартүрлі-түсті боялармен бояп, сурет салды, мүсіндерді жасады, пазлдарды жинады, ойнады.
   Кештің шарықтау шегі «Жылқы – дала көркі» Лисаков Жоғарғы Тобыл тарих және мәдениет мұражайының жылжымалы көрмесінің ашылуы болды, көрме көшпендінің өміріндегі тұлпар рөлі туралы айтты.
   Мұражай қонақтары ежелгі Қазақстан аумағында алғаш рет жылқының қолға үйретуі туралы, бұл Ежелгі Дала өркениетінің дамуындағы күшті түрткі болғаны туралы білді.
   Осы көрменің тұсаукесеріне қатысқан Некрасовка ауылы тұрғындарының ұйымдастырылған тобына «Бесіре», «Ашамайға мінгізу», «Ат байлар» қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, сонымен қатар «Аламан байға», «Жігіт жарысы», «Жауғашты», «Аудараспақ», «Жамбы ату» туралы қызықты ойындар мен әңгімелер ұсынылды. Ал «Күміс алу» ойынына некрасовшылар өздері ойнады!
   «Қобланды батыр» поэмасының өлең жолдары, естілген домбыраның әуендері ұшатын ат шабысының нақты ырғағы кештің сәніне айналды…
   Мұражай ұжымы іс-шараның барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, Некрасов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Е. И. Чичулинаға, аудандық мәдениет үйінің музыка жетекшісі Т. Алғожаға, география пәнінің мұғалімі Ш. А. Ғалымға, біздің көмекшілерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз!

1805201918052019 1

18052019 218052019 3

18052019 418052019 5

 

Счётчик посещении

1548283
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
420
2279
5300
1528535
44961
67491
1548283
Ваш IP: 34.236.187.155
Время сервера: 2021-06-22 04:16:54
Счетчик joomla