Последние добавленные материалы

Алматылық ғалымдар Денисов мұражайының экспонатын зерттейді

   2019 жылы 24 шілдеде Денисов тарихи-өлкетану мұражайына Алматыдан жұмыс сапарымен Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері Гульнара Джумабекова мен Галия Базарбаева келді. Олардың келу мақсаты – ежелгі түрік мүсінді зерттеу.
   Еске салайық, жаңа экспонат өткен жылдың жазында Денисов тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспозициясында пайда болды.
   Бұл тас мүсіні оң қолындағы тостаған және сол қолындағы белдің деңгейінде қару ұстап тұратын кең иекті адамды бейнелейді. Киімнің бөлшектері де көрінеді: жаға мен кең белдік. Әлбетте, мүсіннің бет бейнесі де болған, бірақ қазір бұл бөлігі жоғалды. Мүсін қоңыр түсті тастан жасалған, ол сызықтарды жағумен өңделген. Оны малшы Сергей Стяжкин Покровка ауылдық округінің аумағында табылды. Осы орынға Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы шыққаннан кейін тас заттың ғылым үшін үлкен тарихи-мәдени құндылық пен қызығушылық танытатыны түсінікті болды. Мүсіннің артқы жағында руникалық белгілерге ұқсас сызықшалар бар. Шамамен, тас мүсінінің жасы мың жылдан астам.
   Зерттеушілер тастан жасалған мүсінді ғана емес, олжа аймағындағы дала ландшафты да зерттеумен айналысады.

25072019

Счётчик посещении

1461537
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
1727
2060
11836
1436973
25706
62670
1461537
Ваш IP: 3.235.191.87
Время сервера: 2021-05-13 21:31:51
Счетчик joomla