Последние добавленные материалы

Халық батырлары – ұлт рухы: таным және үлгі

   2019 жылғы 26 қарашада Денисов тарихи – өлкетану мұражайы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Халық батырлары – ұлт рухы: таным және үлгі» атты өлкетану оқуларын өткізді. Өлкетану оқулары біздің Қостанай өлкесінің өмірінде үлкен рөл атқарған қазақ батырларының өмір тарихын өз бетінше тереңдете зерделеу мақсатында туған жердің тарихы мен рухани мұрасына арналды. Өлкетану зерттеулері еліміздің әр түрлі тарихи кезеңдері туралы білімдерімен байытуға мүмкіндік берді.
   Іс-шараға тарих мұғалімдері, мектеп оқушылары, туған өлкенің тарихымен қызығатын адамдар қатысты.
   Қазақ батырларының өмірін зерттеу объектісі ретінде "Шақшақ Жәнібек – Ұлы Даланың ұлы тұлғасы" № 1 Денисов орта мектебінің 8 – сынып оқушысы Полина Никифорованың, жетекшісі - тарих мұғалімі Ж. Т. Ахметова; «Амангелді Имановтың арыстан жүрегі» № 2 Денисов орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дмитрий Хомутовтың, жетекшісі-тарих мұғалімі Н. А. Балабай, "Кейки жұмбағы" Алшан НМ 9 – сынып оқушысы Алина Журкумбаеваның, жетекшісі-тарих мұғалімі Л. Е. Бойко, Денисов тарихи – өлкетану мұражайы» КММ әдіскері Ә. Б. Аманжолованың «Өлке тарихынан есім» (Б. Майлиннің «Жалбыр» пьесасы бойынша) атты жұмыстары ұсынылды.


Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.

 

2611201926112019 1

26112019 226112019 3

26112019 426112019 5

Счётчик посещении

1461547
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
1737
2060
11846
1436973
25716
62670
1461547
Ваш IP: 3.235.191.87
Время сервера: 2021-05-13 21:36:18
Счетчик joomla