Последние добавленные материалы

01 марта 2021

  Денисов тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасында Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар топтамасын дайындады.
Мұражай қызметкерлері Қазақстанда Алғыс айту күніне орай, «Қазақ Еліне, көп-көп Рахмет!» деректі хабардың онлайын көрмесін дайындады, мұнда мұражай қорында сақталған жер аударып жіберілген халықтардың фотосуреттері, құжаттары, қолжазбалары, тұрмыстық заттары – мұражай жәдігерлері ұсынылды.
Zoom арқылы өткізілген «Қазақстандағы Алғыс айту күні: тарих, естелік, игі дәстүрлер» атты онлайн іс – шара аясында мұражай, аудандық кітапхана қызметкерлерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Г.П. Моргульдің қатысуымен біз бірнеше жылдан бері атап өтіп келе жатқан осы тамаша мереке туралы, қазақ халқы осы жерде қалған барлық депортацияланған халықтарға көмек қолын созған, 1930-1940 жылдардағы қайғылы оқиғалар туралы, еліміздің тарихындағы осы кезеңнің фотосуреттері, қолжазбалары, тұрмыстық заттары туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылар жастарды біздің халқымызға тән жақсы көмек, алғыс дәстүрлерін қолдауға шақырды.
Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

0103202101032021 1

Счётчик посещении

1461710
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
1900
2060
12009
1436973
25879
62670
1461710
Ваш IP: 3.235.191.87
Время сервера: 2021-05-13 22:24:19
Счетчик joomla