13 сентября 2021

  2021 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстандағы Отбасы күніне орай Денисов тарихи-өлкетану мұражайы Денисовка ауылының алғашқы қоныстанушылары Дубининдер отбасы туралы «Біздің өміріміздің басты құндылығы – отбасы» бейнепрезентациясын дайындады.
   Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

13092021

11 сентября 2021

orel   Жаңа көрме Денисов тарихи-өлкетану мұражайында «Қамысты бекіністі қонысы: керамикалық артефактілер» атауымен ашылды.
Сіздердің назарларыңызға ежелгі (қола ғасыры) оюланған ыдыстардың үзінділерінің топтамасын ұсындық.
   Ақпарат мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

11092021

 

10 сентября 2021

30jil   Көптеген тың игерушілердің есімдері Денисов ауданының даңқты еңбек шежіресіне енді. Олар біздің кішкентай Отанымызды даңқтап, оны өз еңбектерімен, жетістіктерімен көркетті.
Солардың бірі-Қостанай облысы Орджоникидзе ауданы Некрасов атындағы совхоздың механизаторы Малей Леонид Михайлович (1957 – 1996).
   Ерен еңбек жетістіктері үшін 1981 жылы Малей Леонид Михайлович Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
   2021 жылдың 9 қыркүйегінде Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Ұлы еңбек - ұлы мұра» бейнепрезентациясын дайындады.
   Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

09092021

09 сентября 2021

orel   Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығы мен атқа міну мәдениетін сыйлады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2021 жылдың 8 қыркүйегінде Денисов тарихи-өлкетану мұражайының «Мирас» өлкетану үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Қазақ мәдениетіндегі жылқының рөлі».
Ақпарат мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

08092021

08 сентября 2021

30jil   2021 жылғы 7 қыркүйекте Денисов ауданының мәдениет мекемелерінің қызметкерлері Президент Қ.-Ж. К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын түсіндіруге қатысты. Мұражай қызметкерлері мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, тарихи - өлкетану мұражайы, аудандық орталық кітапхана, аудандық мәдениет үйі және тілдерді оқыту орталығы басшыларының баяндамаларын тыңдады.
   Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

08092021 108092021 2

Счётчик посещении

1741529
Сегодня
Вчера
Эта неделя
Прошлая неделя
Этот месяц
Прошлый месяц
Всего
6299
2180
11912
1717105
41533
63241
1741529
Ваш IP: 3.236.16.13
Время сервера: 2021-09-22 21:01:56
Счетчик joomla